Қазақстанда 34 мың бала коронавирус жұқтырған, төрт баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.
"Жыл басынан бері 34 мың бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бүгінде 558 бала стационарлық деңгейде емделіп жатыр, 13 жаңа туған нәрестеде коронавирус инфекциясы анықталды", – деді Ғиният ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері аурушаңдық шамамен 4-5 есе өскені байқалады. Елімізде төрт баланың жағдайы ауыр.
"Ақмола облысында, Нұр-Сұлтанда, Қызылорда облысында және Жамбыл облысында ауыр жағдайдағы балаларды бақылап отырмыз. Жыл басынан бері екі бала қайтыс болды: СҚО-да және біреуі Нұр-Сұлтанда", – деді вице-министр.