Алакөлдегі демалушыларға концерт берген белгілі әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Елімізде коронавирус өршіп тұрған сәтте стадион толы халыққа концерт берген өнер иесін көпшілік түсіне алмай, наразылығын білдірді. Стадион толы халық маска да тақпаған, арақашықтық та сақтамаған.
"Алакөл рақмет", — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.Бұдан басқа Алакөлдегі демалыс орындардың бірінде әнші Нұрболат Абдуллин халықты жинап, концерт берген. Нұрболаттан кейін Мәдина Сәдуақасова мен Ғазизхан Шекербековтер де Instagram желісіндегі парақшаларына концерттен видео жүктеп, оқырмандарын аң-таң қылған. Себебі, видеодан демалушылар бекітілген қашықтықты да, маскалық режимді де сақтамағанын көруге болады.