Тұрғындардың өтінішін орындап, жол салып берді
Тұрғындардың өтінішін орындап, жол салып берді
134
оқылды
Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалына Көкбұлақ тұрғын алабының тұрғындары жолдарының нашар екенін, ойылып кеткендіктен көлікпен жүру мүмкін емес екенін айтып,  асфальт салып беруге өтініш білдірді.  Осы мәселе бойынша Шымкент қаласы «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есемхан Қалмаханұлы Абай ауданы әкімшілігінің жауапты қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Азаматтардың өтініштері бойынша жол құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті құжаттарды әзірлеп, жол жөндеуге өтініш білдірді.  Жоба құны – 1 380,000 млн. "Азия Комплекс Строй" ЖШС-мен жекеменшік әріптестік аясында Көкбұлақ тұрғын алабына 4,1 шақырым жол жөндеу  жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Осылайша, мәселе оң шешімін тапты.