Белгілі журналист Нұрперзент Домбай қайтыс болды
Белгілі журналист Нұрперзент Домбай қайтыс болды
© youtube.com
Белгілі журналист Нұрперзент Домбай қайтыс болды. Қаралы хабарды жазушы Заря Жұманова Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Жаңа ғана жаманат хабар алдық. Нұрперзент Домбай досымыз қайтыс болыпты» – деп жазды ол.
Нұрперзент Домбайдың соңғы атқарған қызметі - «Ана тілі» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары. 1958 жылы туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын бұрынғы Жезқазған облысы Ұлытау аудандық «Ұлытау өңірі» газетінде бастады. Жезқазған облыстық газетінде бөлім меңгерушісі, аймақтық газеттің редакторы, «Егемен Қазақстанның» меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. 2008 жылдан «Ана тілі» газетінде қызмет еткен. Қаламгер екі өлеңдер жинағының, жеті деректі шығармалар кітабының авторы. Н.Домбай – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ақпарат саласының үздігі, Мәдениет қайраткері.