Қазақстан спортшылары Олимпиаданың ашылуында жарқырап көзге түсті
Қазақстан спортшылары Олимпиаданың ашылуында жарқырап көзге түсті
Фото: inform.kz
267
оқылды
  23 шілдеде Токиода Олимпиада-2020 ойындарының ашылуы өтті. Қазақстанның туын көтерген Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Қоңқабаев бастаған қазақстандық делегация көпшіліктің назарында болды. Twitter желісінде Ольга Рыпаковаға "Ойындар ханшайымы" деген ат беріліпті. Оған шыққан образы мен сүйемелденген әуен себеп болған. https://twitter.com/taurustroubles/status/1418595764721184777?s=20  width= https://twitter.com/olympic_kz/status/1418553690282074112?s=20 Vesti.kz сайтының мәліметінше, Қазақстан құрамасына костюмдер дайындауда және ұлттық ою-өрнектердің символикасы мен оларды қолдану дәстүрлері бойынша Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің сәндік-қолданбалы өнері жөніндегі ғылыми қызметкерлері кеңес берген.
"Бұл костюмдерге бірегей, заманауи және дәстүрлі деп бір сипаттама беруге болады. Бұл әккі шеберлер жасаған жоғары сән туындылары, мен оларға керемет жұмысы үшін алғыс айтамын", - деп келтіреді Рыпакованың сөзін olympic.kz.
[caption id="attachment_152601" align="alignnone" width="1000"]Рыпакова Фото: Olympic.kz[/caption]