Дәрігерлер жәрдемақысын иемденгендер сотталды
Дәрігерлер жәрдемақысын иемденгендер сотталды

Жамбыл облысы Жуалы ауданының аурухана басшылығы коронавируспен күрескені үшін 22 медицина қызметкеріне бөлінген 2 миллион 711 мың теңге жәрдемақыны иемденгені үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Жуалы аудандық орталық ауру­ханасы бас дәрігерінің орын­басары Байтөреев пен әкімшілік бөлімінің бастығы Оманов төрт жылға бас бостандығынан айы­рылды. Ауру­хананың кассир-есеп­шісі де 3 жыл 6 айға сотталды. «Байтөреевке әкімшілік бөлімі­нің бастығы Х.Оманов пен кассир-бухгалтерЕ.Мыр­за­­лиеваның қатысуымен алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы заңсыз ақша иемденді деген күдік келтірілді. Олар осы аурухананың 22 қыз­меткеріне тиесілі, эпи­демио­логия­лық шараларға қатыс­қаны үшін төленген 2 миллион 711 мың теңге болатын қаржыны иемденген» делін­ген хабарламада. Айта кетейік, 1 қазаннан бастап коронавируспен күресте эпи­демия­ға қарсы шараларға қатысатын медицина саласы қызметкерлеріне жәрдемақы беру тоқтатылады.

Мейірім ҚАЙРАТҚЫЗЫ