Жаяу 777 шақырым
Жаяу 777 шақырым
236
оқылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне орай қарағандылық продюсер Асхат Қажытай бас-аяғы 777 шақырымды құрайтын жаяу марафонға аттанды.

Ол 12 күн ішінде Ұлт ұясы – Ұлытауға дейін жаяу жетуге ниетті. Жол бойы Сары­арқаның көрікті жерлері мен киелі орындарына соғып, әлеу­меттік желілерде олардың турис­тік әлеуеті туралы әңгіме­леп бермек. Марафон аяқталған соң өзінің саяхаты туралы бей­неролик жасап шығарып тарат­пақ. Бұл сапарын ол өлкенің қызықты жерлері мен адам­дарының тұрмысына арнап, өзі секілді қыдырып келуге шақы­рып, өңірдегі туризмді дамытуға көпшіліктің назарын аударғысы келеді. Бұл жаяу жолаушының алғашқы марафоны емес екен. «Өткен жылы мен өз коман­даммен бірге Қарағандыдан Ақсоранға дейінгі 333 шақы­рымды жүріп өттім. Бақы­тымызға орай, бізде қонақжай адамдар жетерлік. Біз әрқашан түнейтін орын тауып, қонып отырдық. Бұл жолы мен Ұлы­тауды таңдадым, себебі ол өзінің туристік әлеуетімен бірегей. Бұл сапарымды «Қайырымды кило­метр» қайырымдылық акциясы аясында өткізіп отырмын» деп атап өтті Асхат Қажытай.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ