Қазақстанда бала туу көрсеткіші бір жылда 8,4% өсті

Қазақстанда бала туу көрсеткіші бір жылда 8,4% өсті

2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 100 500 бала дүниеге келді. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші 8,4% артқан. Мұндай деректер Ranking.kz зерттеуінде келтірілген. Салыстыру үшін:

  • 2020 жылдың І тоқсанында 92,7 мың сәби дүниеге келді. Бұл - алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8% көп;
  • 2019 жылдың І тоқсанында 91,9 мың бала туды. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 0,8% аз.
Жалпы, елде "беби-бум" үш тоқсан қатарынан, яғни 2020 жылдың ІІІ тоқсанынан бастап жалғасып келеді. Үшінші тоқсанда 116 700 сәби туды. Бұл - бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,4% көп. 2020 жылдың IV тоқсанында да осыған ұқсас жағдай болып, 111,7 сәби дүние есігін ашты. 2019 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 9,5% көп. Өткен жылы жалпы 425 мың сәби дүниеге келді, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6% көп. 2019 жылы туу көрсеткіші тек 1,3% артқан. Биыл І тоқсан қорытындысы бойынша, халық саны 18,94 млн. адамға жетті. Осы орайда, нәрестелер санының көбеюіне байланысты "Отбасы банк" пен Bank RBK балаларға арналған депозит ұсынды. "Отбасы банкте" екі өнім бар:
  1. Жаңа туған нәрестеге жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14%-ға дейін баратын "Балалар депозиті". Депозит сәби 18 жасқа толған кезде 3,5% мөлшерлемемен тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік береді;
  2. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға дейін жететін "Арнау" депозиті. Бұл депозитті ашқандар баласы 18 жасқа толғанда 2% (ЖТСМ – 2,1%) мөлшерлемемен тұрғын үй заемын ала алады.
Екі депозитке де мемлекет тарапынан сыйлықақы беріледі – жылына 20% (максимум 200 АЕК). 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, "Отбасы банктегі" балалар депозитінің саны 206,9 мыңға жетті:
  • 2020 жылмен салыстырғанда – 31,9%;
  • 2019 жылмен салыстырғанда 45,1% көп.
Дереккөзі: Informburo.kz