Қазақстандық боксшы Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
Қазақстандық боксшы Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
Сурет: Данияр Майлыбаев
135
оқылды

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Токио Олимпиадасында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, — деп хабарлайды Vesti.kz басылымы. 

1/16 финалында ол қарсыласы венгриялық Ролан Галошты бірінші және екінші раундта екі рет нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті 5:0 (30:27, 30:27, 30:27, 30:25, 30:25) есебімен жеңді. 24 шілдеде кімдер жарысқа шығатынын мына сілтемеден оқуға болады.