Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
118
оқылды
Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады деп отыр. Әсіресе, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн ысып, ауа температурасы күндіз 38-46 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды. 25 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Қызылорда қаласында 25 шілдеде күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе облысында түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с күтіледі. Кей жерлерінде 35 градусқа қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Нұр-Сұлтанда күндіз 25 шілдеде найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с жетеді. Қарағанды облысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. 25 шілдеде Түркістан, Маңғыстау облыстарында да 46 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.