Токио Олимпиадасы: 25 шілде күні жарыс жолына кімдер шығады?
Токио Олимпиадасы: 25 шілде күні жарыс жолына кімдер шығады?
Фото: news.myseldon.com
159
оқылды
Ертең, 25 шілде күні Токиодағы Олимпиада ойындарында бірнеше қазақстандық спортшы жарыс жолына шығады. Бұл күні жарыс жолына дзюдошы Ерлан Серікжанов, ауыр атлет Игорь Сон, боксшы Зәкір Сафиуллин шығады. 25 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен): Стенд ату. Скит. Әйелдер. Іріктеу 6:00. Зоя Кравченко, Әсем Орынбай. Дзюдо. Ерлер, 66 келіге дейінгі салмақ 8:00. Ерлан Серікжанов – Орхан Сафаров (Әзербайжан). Теннис. Бірінші айналым 8:00. Юлия Путинцева – Надя Подороска. 10:00. Михаил Кукушкин – Федерико Кория. 12:00. Ярослава Шведова – Айла Томлянович. Академиялық есу. Ширек финал. Ерлер. Жекелей сын. 9:00. Владислав Яковлев Семсерлесу. Ерлер. Жекелей сын. 1/16 финал 9:45. Руслан Құрбанов – Марко Фичера (Италия). Оқ ату. 10 метр, пневматикалық винтовка. Ерлер. Іріктеу 10:00. Юрий Юрков. Есу слаломы. Бірінші мүмкіндік.  10:00. Александр Куликов. Ерлер, каноэ. 10:50. Екатерина Смирнова. Әйелдер, байдарка. 12:08. Александр Куликов. Ерлер, каноэ. 12:58. Екатерина Смирнова. Әйелдер, байдарка. Үстел теннисі. Екінші айналым 12:30. Кирилл Герасименко – Любомир Янкарик (Чехия). Ауыр атлетика. Ерлер, 61 келіге дейін. 12:50. Игорь Сон Жүзу. 100 метр, арқамен жүзу. Әйелдер. 16:04. Диана Назарова. Бокс. Бірінші кезең. 63 кг 16:24. Зәкір Сафиуллин – Леодан Пезо Сабойя (Перу). Су добы. Ерлер. Топтық кезең 16:50. Қазақстан – Хорватия. Бүгін Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын. Олимпиада 8 шілдеге дейін жалғасады.