71 орынға – 235 үміткер
71 орынға – 235 үміткер
133
оқылды

Таңертең ертемен журналистерге жолыққан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық сайлау учаскелерінің ашылып, жұмысына кіріскені туралы мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірдегі 71 ауылдық округте сайлау өткізілуде. Облыс бойынша осынша орынға 279 үміткер бақ сынауда. Түрлі себептермен 44 үміткерді тіркеу өтініші қайтарылып, тізімнен алып тасталған. Осылайша, дәл қазіргі кезде 235 үміткер әкімдік лауызым жолындағы «жарысқа» қатысуда. Олардың қатарындағы 82 адам саяси партиялар атынан сынға түсіп жатса, 153 үміткер өз-өздері ұсынған. Тіркелгендердің 35-і әкімдік қызметті атқарып жүргендер. Үміткерлердің ең жасы кішісі 25 жаста болса, ең жасы үлкені – 62 жаста.

– Бүгін алғаш рет елімізде ауыл әкімдерінің тікелей сайлуы өткізілуде. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа арналған Жолдауында көтеріліп, қолдау тапқан болатын. Барлық сайлау учаскелері сайлаушылардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатындағы қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілген, әлеуметтік қашықтықты сақтау да жан-жақты ойластырылған. Ауылдағылар сайлауға белсене қатысады деген үміт үлкен,  – дейді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы