Ақтөбе облысында сайлауға 10 пайыздан астам сайлаушы келіп үлгерді
Ақтөбе облысында сайлауға 10 пайыздан астам сайлаушы келіп үлгерді
Фото: qarmaqshy-tany.kz
179
оқылды

Жалпы, облыс бойынша 34 әкім сайланады. Сағат сайын сайлау барысымен халық хабардар етіледі. Соңғы мәлімет бойынша, осы сағатқа дейін сайлауға қатысатын халықтың 10 пайызы сайлау учаскесіне келген.

Өңірде сайлау учаскелері сағат 07:15-те ашылды. Қазір облыс бойынша 34 ауыл әкімін сайлау үшін 74 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, 34 әкімнің 7-уі Әйтеке би ауданынан, Алға – 2, Байғанин – 3, Ырғыз – 1, Қарғалы – 1, Мәртөк – 1, Мұғалжар – 1, Темір – 4, Ойыл – 2, Қобда – 5, Хромтау – 4, Шалқар ауданынан 4 әкім сайланады. Облыста 74 полицей 12 ауданға сайлау бюллетенін жеткізуді қадағалады.