«Жаңадан сайланатын ауыл әкімдерінен адалдық күтемін» – байқаушы Бибігүл Шындәулетова
«Жаңадан сайланатын ауыл әкімдерінен адалдық күтемін» – байқаушы Бибігүл Шындәулетова
102
оқылды

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданындағы Көптоғай ауылында да ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Елдің болашағына бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатқаны байқалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Сайлауға қатысып жатқан бақылаушылардың айтуынша таңертеңнен бастап сайлау учаскесінде кезек үзілмеген. Әсіресе сайлауға қатысқан жастардың белсенділігі жоғары. Байқаушы – Ойыл ауданы, Көптоғай ауылындағы №401 сайлау учаскесінде Nur Otan партиясы атынан байқаушымын. Сайлауға бұл учаскеде Nur Otan, ADAL және «Ауыл» партиясы өкілдері сайлауға түскен. Бүгінгі сайлауда дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары. Сайлаушылар осындай маңызды күнде өз таңдауын жасап, сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне атсалысып жатқанын байқап отырмын. Барлық байқаушылар мен сайлау комиссиясы өз орындарында санитарлық талаптарға сай жұмыстарын атқаруда. Елдегі карантинге байланысты сайлаушылардың дене қызуы өлшеніп, кезекке тұрып өздерінің азаматтық міндеттерін орындауда, – деді байқаушы Бибігүл Шындәулетова. Ауылдағы сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Сайлаушылар тарапынан дәл қазіргі уақытқа дейін ешқандай қарсы шағымдар түскен жоқ. – Байқағаным айтулы науқанда жастар өз белсенділігін көрсетуде. Жастардың сайлауға келу қарқыны жоғары. Халықтың дауыс беруге деген құлшынысы мен көңіл-күйі жақсы. Жалпы №401 сайлау учаскесінде барлығы 545 сайлаушы тіркелген. Таңсәріден иін тірескен кезек бір толастамады. Дәл қазіргі уақытта 150 адам дауыс беріп үлгерді. Ауыл – елдің алтын қазынасы. Бұл орайда сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың бәрі елге белгілі, білімді азаматтар. Халық тұңғыш рет таңдауын жасағандықтан ауыл әкімдерінен халықтың сенімін ақтап өз ісін адалдықпен атқарады деген ойдамын. Өйткені, бұл ауыл әкімдеріне жауапкершілікті одан сайын арттыратыны анық, – дейді сайлау барысын бақылап отырған Бибігүл Шындәулетова.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ