Атырау облысындағы әкім сайлауында карантин талабы қатаң қадағалануда
Атырау облысындағы әкім сайлауында карантин талабы қатаң қадағалануда
Фото: inbusiness.kz
159
оқылды

Сайлау учаскелерінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптар қатаң қадағаланады. Сағат 10-дағы мәлімет бойынша, 16 пайыздан астам сайлаушы таңдауын жасады.

Жалпы, өңірде 18 әкім сайланады. Оның ішінде Атырау қаласы бойынша 2 әкім, Жылой – 2, Индер – 2, Исатай – 1, Құрманғазы – 6, Қызылкөген – 1, Махамбет ауданында 4 әкім сайланады.

Атырау облысында сайлау учаскелеріне келіп жатқандардың саны көп. Соған қарамастан, карантин талаптарын ұстану үшін арақашықтық сақтау, келушілердің дене қызуын өлшеуге баса назар аударылып отыр.

Cондай-ақ, 800-ге жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері де сайлаудың әділ өтуіне атсалысып жатыр.