«Үміткерлер мен партияларға теңдей мүмкіндік берілуде» – байқаушы Амантай Барақбаев
«Үміткерлер мен партияларға теңдей мүмкіндік берілуде» – байқаушы Амантай Барақбаев
145
оқылды

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған ауыл әкімдерінің сайлауы Жамбыл облысында да қыза түсті. Таңсәріден елге есігін айқара ашқан сайлау учаскелеріне ағылған тұрғындардың қарасы қалың. Т.Рысқұлов ауданындағы №351-ші сайлау учаскесіне 400-ден аса адам келіп өз таңдауын жасап үлгерген.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жанданған ауыл әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде өтуде. Негізі бұл саяси тұрғыдан қабылданған дұрыс шешім деп есептеймін. Мен бақылаушы ретінде бекітілген сайлау учаскесіне таңертеңнен бері 455 адам келіп, дауыс берді. Бәрі әділ, әрі ашық өтуде. Оны 2 бақылаушы мен 2 сенімді өкіл бақылып отыр. Біздің де, дауыс берушілер тарапынан да барлық санитарлық талаптар сақталған. Барлық үміткерлер мен партияларға теңдей мүмкіндік пен жағдай қарастырылған. Ең қуанарлығы сайлауға үлкендер ғана емес жастар да белсене атсалысуда. Сондай-ақ өзге ұлттың өкілдері де келіп өз таңдауын жасауда. Бұл сайлау бізді тағы жұдырықша жұмылдыра түседі деп сенемін, – дейді байқаушы Амантай Барақбаев. Үміткерлер Жалпы бір ғана Т.Рысқұлов ауданында халықтың 40 пайызы дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, өзге 9 ауданда да дауыс беру қарқынды жүргізілуде.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы