Жамбыл облысында сайлаушылардың 50 пайызы дауыс берді
Жамбыл облысында сайлаушылардың 50 пайызы дауыс берді
Фото: news.myseldon.com
126
оқылды

Жамбыл облысының халқы әкім сайлауына белсенді қатысуда. Аймақтағы санитарлық талаптар да қатаң бақылауда. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті ерекше қадағалап жатыр.

Сағат 12-дегі мәлімет бойынша, 50 пайыз сайлаушы дауыс берді. Сайлау учаскесіне келгендердің 85 пайызында вакцинация паспорты бар. Сонымен қатар вакцина алып үлгермегендердің ПТР тест анықтамасы бар.

Жалпы облыс бойынша 38 әкім сайланады. Атап айтқанда, Байзақ – 3, Жамбыл – 5, Жуалы – 4, Қордай – 4, Мойынқұм – 4, Т.Рысқұлов – 8, Сарысу – 2, Талас – 4, Шу ауданында 3 әкім ауысады.