Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Токио Олимпиадасында теннисшілер бәсекесі жалғасуда. Қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші кезеңнен сүрінбей өтті, — деп жазады Olympic.kz

Кукушкин аргентиналық Федерико Кориямен кездескен болатын. Екі сетке созылған матчта қазақстандық теннисші  7:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылған.