Жамбылда ауыл әкіміне үміткерлердің 20 пайызы – әйелдер
Жамбылда ауыл әкіміне үміткерлердің 20 пайызы – әйелдер
100
оқылды

Жамбыл облысында саяси науқан 38 ауылдық округте өтуде. Үміткерлердің 67 пайызы саяси партиялардан болса, қалғандары өзін-өзі ұсынған азаматтар. 20 пайызы – әйелдер.

Ең көп үміткерлер Жамбыл ауданында тіркеліп отыр. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Көшербаевтың айтуынша, 5 ауылдық округ бойынша ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр екен. – Сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың саны 15 адам. Соның 5-і – әйел. Сағат 07:00-ден 10 сайлау учаскесі ашылып, жұмысын бастады. Сайлау учаскелері барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 82 комиссия мүшесі қызмет көрсетіп жатыр. Сайлау учаскелерінің мәліметіне сәйкес ауыл тұрғындарының 40 пайыздан астамы дауыс берді, – дейді Б.Көшербаев. Иә, саяси науқаннан нәзік жандылар да шет қалмай, бақ сынап жатқаны қуантады. Несі бар, қолдарынан келсе, сәттілік тілейміз!.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы