Кирил Герасименко Токиодағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады
Кирил Герасименко Токиодағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады
Сурет: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
143
оқылды

Токиода үстел теннисінен ерлер арасындағы бәсеке басталды. Қазақстандық Кирилл Герасименко екінші айналымнан сәтті өтті, — деп жазады Olympic.kz

Қазақстан командасының үздігі чехиялық Любомир Янчаржикпен кездескен болатын. Тартысты матчта 4:2 есебімен Герасименко жеңіске жетті. Айта кетелік, жеребе бойынша Герасименко Токио Олимпиадасын екінші кезеңнен бастады. Ал кеше Анастасия Лаврова Токио Олимпиадасындағы алғашқы матчта испаниялық қарсыласына есе жіберді.