Үміткерлердің барлығы ауылға тұтқа болар азаматтар – байқаушы Мейрамбек Жаманов

Үміткерлердің барлығы ауылға тұтқа болар азаматтар – байқаушы Мейрамбек Жаманов

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аламесек ауылдық округі бойынша 1026 сайлаушы бар. Қазіргі таңда сайлаушылардың 80 пайызы өз таңдауын жасады.

– Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар, келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Халықтың емін-еркін келіп өз таңдауын жасауға барлық мүмкіндік қарастырылған. Жалпы бүгін елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілгелі отыр. Бұл біріншіден халықтың қатысуымен һәм таңдауымен өтетіндігімен ерекше. Сондықтан бұған туған ауылының келешегі үшін алаңдайтын, жаны ашып жауапкершілікпен қарайтын әрбір тұрғынның қатысуы маңызды деп есептеймін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ауыл әкімін халықтың сайлауына деген көзқарасы өте жоғарғы деңгейде, зор зизашылықпен өздерінің пікірлерін білдіруде. Және тағы бір айта кететін жағдай халықтың бүгінгі сайлауға деген белсенділігі жоғары екенің аңғардық. Аламесек ауылдық округі бойынша 3 кандидат дауысқа түсіп, халық өз таңдауын жасап жатыр. Бәсекеге түскен кандидаттардың барлығы да ауданға белгілі, ауылға тұтқа болар азаматтар, – дейді байқаушы Мейрамбек ЖАМАНОВ.

Нұрсұлтан Алпысбайұлы