«Мен әкімге емес, ел тыныштығы үшін дауыс бердім» – 110 жастағы Күлбарам әжей
«Мен әкімге емес, ел тыныштығы үшін дауыс бердім» – 110 жастағы Күлбарам әжей
283
оқылды

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны 110 жасар кейуана дауыс берді. Қазақстандағы ең қарт әжейдің бірі саналатын Күлбарам Сүгірова таңдауын өз үйінде жасады.

Журналистер кейуанадан кімге дауыс бергенін сұрағанда: «Мен әкімге емес, ел тыныштығы үшін дауыс бердім», – деп жауап берді. Қимылы ширақ, әлі тың Күлбарам Сүгірова жолдасы екеуі екі қыз өсіріп, олардан бүгінде 8 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. – Еңбек еткен адам жерде қалмайды. Қызылшаның арқасында марапаттың барлығын алдым. Сол еңбегімді елеп, ескеріп мереке сайын Президентіміз арнайы құттықтауын жіберіп тұрады. Мемлекет басшысының бастамасына бүгін үн қосып отырмын. Осы таңды көруді жазған Аллаға мың да бір шүкірлік. Аспанымыз ашық, күніміз жарық болсын. Жұмыстарыңызда жемісті болыңыздар. Менің жасымды сендерге берсін, – деп әжей ақ батасын берді.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы