Михаил Кукушкин: Олимпиадада елімнің намысын қорғау мен үшін үлкен құрмет
Михаил Кукушкин: Олимпиадада елімнің намысын қорғау мен үшін үлкен құрмет
Сурет: olympic.kz
166
оқылды

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Ол бірінші кезеңде аргентиналық Федерико Кориямен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жеткен болатын. Кездесу аяқталған соң Кукушкин Olympic.kz тілшісіне сұхбат беріп, бүгінгі матчты қорытындылады. 

«Бүгінгі кездесу мен үшін оңай болған жоқ. Өйткені, мынадай ыстықта теннис ойнау қиынға соғатыны анық. Десе де, Олимпиада төрт жылда бір келетін жарыс. Бұл бәсекені әлемдегі барық атлеттер күтті. Сондықтан, мен үшін Олимпиаданың орны ерекше. Жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Мұндай ірі жарыста, Олимпиада ойындарында өз елімнің намысын қорғау мен үшін үлкен құрмет. Қазіргідей сәтте күннің ыстықтығын да, басқа да қиындықтарды түгел ұмытып, тек жеңіс туралы ойлайсың. Келесі кездесу бүгінгіден де қиын болады, өйткені, қарсыласым әлдеқайда қарымды. Бірақ ешнәрсеге қарамастан, тек жеңіске жетуге тырысамын. Жарысты одан әрі жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін істеймін», — деді Кукушкин.