Алматыда көлік жуатын орын мен кафенің шатыры өртенді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 13.50-де ТЖД күштері мен құралдары Горный Гигант ықшамауданы, Ахмедияров көшесі, 20 мекенжайына аттанды. Сағат 13.57-де жеткен кезде бірқабатты көлік жуу орны, кафе және оған жақын орналасқан үш қабатты ғимараттың шатырлары ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралу қаупі болды.
"Өрт шыққан жерде жедел штаб жұмылды. Электрмен жабдықтау қызметі нысанды қуаттан айырды. Өрт шыққан жерден 2 газ баллонын эвакуациялады", – деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.Өрт сөндірушілер 25 минут ішінде өртті ауыздықтаған. Оған 23 техника мен жеке құрамның 70 адамы жұмылды.