Су добынан Қазақстан командасы Олимпиаданың бірінші ойынында жеңіліп қалды

Су добынан Қазақстан командасы Олимпиаданың бірінші ойынында жеңіліп қалды

Су добынан Қазақстан құрамасы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының бірінші ойынында ойсырай жеңілді. Топтық кезеңдегі алғашқы ойынды қазақстандықтар Хорватияға қарсы өткізген болатын. Кездесу 7:23 есебімен қарсылас пайдасына шешілді. Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Сербия құрамасына қарсы өткізеді. Бұл ойын 27 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00-де басталады.