9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
©islam.kz
105
оқылды
Қазгидромет ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 26 шілде күндіз Алматы облысында 35-39 градус аптап ыстық болады. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. 26 шілдеде Қарағанды облысында солтүстіктен күшті жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз 26 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 26 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 26 шілдеде Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. 26 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. 26 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40-43 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 26 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады.