Қазгидромет 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде найзағай, солтүстік-шығыста бұршақ және дауылды жел соғады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде Ақмола, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Жамбыл облысының кей жерлерінде, Маңғыстау, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі туындайды.