Токио-2020: Садақ атудан Қазақстанның ерлер құрамасы командалық жарыста есе жіберді

Токио-2020: Садақ атудан Қазақстанның ерлер құрамасы командалық жарыста есе жіберді

Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиада ойындарындағы командалық сайыста жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz. Бүгін, 26 шілде күні Токио Олимпиадасында отандық садақшылар ерлер арасындаңы командалық сайыста бақ сынады. Үндістан құрамасына қарсы ойында Қазақстан қарсыластарына 6:2 есебімен есе жіберді. Командалық бәсекеде ел құрама сапынан жарыс жолына Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганкин шықты. Аталған спортшылар жекелей сайыс бойынша жарысты жалғастырады. Садақ атудан жекелей сынның келесі айналымы 27 және 29 шілде күндері өтеді.