Токио-2020: Елена Рыбакина жарыстың үшінші айналымына өтті
Токио-2020: Елена Рыбакина жарыстың үшінші айналымына өтті
Елена Рыбакина, фото: olympic.kz
5,135
оқылды
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарын сәтті жалғастыруда деп жазады Olympic.kz.  Қазақстандық теннисші екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездескен болатын. Екі сетке созылған матчта Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылған. Айта кетелік, Елена Рыбакина - теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.