Бағдаршам бағанасын соққан көлік жүргізушісі қайтыс болды
Бағдаршам бағанасын соққан көлік жүргізушісі қайтыс болды
Фото: zakon.kz

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға сағат шамамен 07:44-ке Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов: «1999 жылғы А. есімді жүргізуші Toyota Corolla маркалы автокөлігімен Сайын көшесінен солтүстікке қарай, Шаляпин көшесімен қиылысар тұста көлігін басқара алмай, 9-ықшамаудандағы 24-үйдің маңында жол жиегіндегі бағдаршам бағанына соғылған. Апат салдарынан алған жарақатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 3-бөлімі 345-бабы бойынша Алматы ПД СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді.