Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.
Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңадан салынып жатқан үйлерден «пәтер алып беремін» деген әйелге 1 600 000 теңге ақша бергенін, ақшаны алған соң алдап кеткеніне арызданған. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктіні ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр.Бұған дейін жер аламын деп ақшасыз қалған тұрғын туралы жазған болатынбыз.