Токио – 2020: боксшы Сәкен Бибосынов 1/8 финалға жолдама алды

Токио – 2020: боксшы Сәкен Бибосынов 1/8 финалға жолдама алды

Сәкен Бибосынов Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен жұдырықтасты.

Боксшы қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. Сәкен Бибосынов – 2019 жылғы Әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Бұған дейін Александр Куликов слаломды есуден Токио Олимпиадасының финалына шыға алмаған еді.