Біртанов ісі: сот экс-министрді үйқамақтан босатпайтын болды
Біртанов ісі: сот экс-министрді үйқамақтан босатпайтын болды
Фото: bairaq.kz

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

Судья Элеонора Оңғарсынова: «Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Біртановтың үйқамақта болу мерзімін екі айға санкциялау туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмайды. Қаулы түпкілікті, шағымдануға жатпайды», – деді.

Биыл 14 шілде күні Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі тағы екі айға ұзарғанын жазған болатынбыз.