Жүріп бара жатқан пойыздың астына жолаушы түсіп кетті
Жүріп бара жатқан пойыздың астына жолаушы түсіп кетті
Фото: ПД-нен алынды
120
оқылды

Полицияның мәліметінше, оқиға 23 шілде күні болған.

«Ер адам Көкшетау – Қызылорда бағытындағы пойызға кешігіп келеді. Асыққан жолаушы вагонға қарай жанталасып, жүгіріп, жылжып жүріп бара жатқан пойыздың есігін қағады. Полицейлердің ескертуін елемеді. Абайсызда аяғы тайып кетіп, пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кетті. Машинист шұғыл тежегішті басып үлгерді. Тәртіп сақшылары жолаушыны пойыздың астынан шығарып алды», – деді полицей.

31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынының медициналық сараптамадан соң мас болғаны анықталды. 2 әкімшілік хаттама толтырылды.

Пойыз 3 минут кешігіп, бағыты бойынша қайта жолға шықты.