Әйелін өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған ер адам сотталды
Әйелін өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған ер адам сотталды
Фото: kapital.kz
5,117
оқылды

Бұл туралы Қостанай облыстық соты мәлімдеді.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен әйелін өлтіргені үшін Әулиекөл ауданының тұрғыны М. сотталды. «Биыл 6 наурызда күдікті М. Әулиекөл ауданы Лаврентьевка кентінде әйелін орамалмен қылқындырып өлтірген. Қылмыстың ізін жасыру және қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында М. әйелінің мәйітін ескі құдыққа лақтырған» делінген ресми хабарламада. Күдіктінің кінәсі дәлелденді. М-ның бірінші рет сотталғанын, кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне өкінетінін, кінәні ауырлататын мән-жайлардың жоғын ескере отырып, сот оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге моральдық шығын және 500 мың теңге өкілдік шығыстар өндіріп алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.