Полицейлер ауылдасын пышақтап өлтірген ер адамды ұстады
Полицейлер ауылдасын пышақтап өлтірген ер адамды ұстады
Фото: news.myseldon.com
148
оқылды

Биыл 24 шілде күні Жарқайың аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 58 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Ер адам оның үйінде 45 жастағы досын пышақтағанын айтты, – деп жазады Polisia.kz.

Жедел жәрдем келгенге дейін ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Полицейлер 24 шілде күні сағат 15:00 шамасында өтініш берушіге екі ауылдас қонаққа келгенін, оның ішінде қаза тапқан адам келгенін де анықтады. Ұйықтап қалған күдікті оянған кезде марқұмның денесін көрген. Полицияға хабар берген. Сот-медициналық сараптама марқұм пышақ жарақатынан қайтыс болғанын анықтады. Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер күдіктіні ұстады. Ол Қостанай облысы Арқалық қаласында 1969 жылы туған, бұрын сотталған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтап жатыр.