ПТР тест анықтамасын қолдан жасаған емхана қызметкері ұсталды
ПТР тест анықтамасын қолдан жасаған емхана қызметкері ұсталды
Фото: optimism.kz

Ол ПТР тестің теріс нәтижесі бар анықтаманы қолдан жасаған. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу жүріп жатыр.

26 жастағы күдікті жалған құжат жасағаны үшін ақша алмағанын және бұл жағдай бірінші рет болып отырғанын айтты. Сөзінің рас-өтірігі тергеуден соң анықталады. Жалған анықтаманы қолданған 47 жастағы әйелдің үстінен ҚК 385-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Алматыда жалған құжат жасағандар туралы жазған болатынбыз.