Павлодарда жол апатынан екі жүк көлігі мен жеңіл автокөлік жанып кетті

Павлодарда жол апатынан екі жүк көлігі мен жеңіл автокөлік жанып кетті

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 17:57-де Успен көпірі аймағында өрт шыққан, — деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан Mercedes жүк көлігінің кабинасы толық, Volvo-ның кабинасы түгелдей, ал тіркемесі жартылай жанып кетті, делінген хабарламада.
Жалпы ауданы 40 кв.м болатын 10 дана кабельдік катушкалар өртенді. Сонымен қатар, ауданы 30 ш.м құрайтын жанар-жағармай төгілген. Оқыс оқиға салдарынан Volvo жүк көлігінің 1974 жылы туған  жүргізушісін жедел жәрдем бригадасы Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізді. Ал қақтығыс салдарынан шыққан өртті мамандар сағат 18:32 ауыздықтады. Қазіргі таңда жол көлік оқиғасының себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқыс оқиға орын алған жерде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 18 адам жұмыс істеді.