Азаматтарды әлеуметтік қолдау – қашанда бірінші орындағы міндет – Серік Шәпкенов
Азаматтарды әлеуметтік  қолдау – қашанда бірінші  орындағы міндет – Серік Шәпкенов
215
оқылды

Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жылда Қазақстан билігі халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Ең­бек­керлердің жалақысы, зейнеткерлердің зей­нет­ақысы, студенттердің шәкіртақысы мен түрлі жәр­демақылар, төлемдер кезең-кезеңімен өсі­ріліп, ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен әлеу­меттік әлсіз топтардың өкілдеріне мемлекет ұда­йы қамқорлық жасап келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясаты да халықтың тұрмысын жақсартып, ел экономикасын тұрақты дамытуға негізделген еді. Бүгінде өткен ғасырдың 90-жылдарындағы қиындықтар естелікке айналды. Дегенмен біз тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастары саласындағы жетістіктерді, бүгінгі мәселелерді әңгімеге арқау ете отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновпен сұхбаттастық.

– Серік Жамбылұлы, ел тә­уел­сіздік алғанына 30 жыл өтті, бұл аз уақыт емес. Енді Қазақстанда бас­тапқы кезеңдерде қандай қиын­дықкедергілерге тап болды, ха­лық­тың әл-ауқатын көтеру үшін қан­дай шаралар жасалғанын айтып берсеңіз. – Сұрағыңызға толыққанды жан-жақты жауап беру үшін өт­кен­ге сәл шегініс жасауға тура келеді. Сөз жоқ, жаңа қоғамдық фор­ма­ция, соның ішінде Кеңес Одағы­ның ыдырауы, ұзақ жылдар бір-біріне шаруашылық және эконо­микалық жағынан кіндігінен бай­ланып келген елдер арасындағы байланыстардың үзілуі қазақ­стан­дық еңбек нарығының жағдайына өте теріс ықпал етті. Елді жаппай жұмыссыздық жайлады. Дүкен сөрелері қаңырап бос қалды. Бұл өзгерістер өндірістің құлды­ра­уымен, қолайсыз демографиялық үрдістің өршуімен және халықтың елден тыс жерлерге көшіп-қо­нуының жиілеуімен қоса жүрді. Білікті жұмыс күшінің сыртқы миграциясы еңбек әлеуетінің жай-күйін әлсіретті. Егемендіктің алғашқы елең-алаңы кез келген ел үшін аса ма­ңызды. «Алыс жол – алғашқы адым­нан басталады», өткенімізге бүгінгі күн биігінен көз салсақ, дәл сол кезеңде мемлекет негізі қа­ла­нып, қоғам өз дамуының бастапқы серпініне түскенін көреміз. Тұң­ғыш Президент – Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың көшбас­шылығымен тарихи қысқа мерзім ішінде ғасырларға татитын ғиб­рат­ты да сындарлы жол жүріп өттік. «Алдымен – экономика, сосын барып – саясат» деген бағыт таңдалып, ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту алдыңғы кезекке шығарылды. Мемлекет бұрынғы жүйенің құлдырап, қа­білетсіз болып қалғанын ескере отырып, нарықтық экономика жағдайына сәйкес келетін әлеу­меттік қорғаудың жаңа үлгісін құруға бет алды. – Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары мен қазіргі кезеңге дейінгі жүріп өткен жолды шолып шықсақ, халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты қандай өзгеріс болды? – 1991 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстанның саяси болашағына күмән келтірген пікірлер іштен де, сырттан да жан-жақтан қардай бо­рап жатқан шақта, халық үшін ауа­дай қажет «ҚР халқын әлеу­меттік қолдау жөніндегі қосымша шара­лар туралы» Жарлыққа қол қойды. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Үкімет 1992 жылдан бастап аза­маттардың өмір сүру сапасын жақсартуға кірісті. Әрине, зейнетке шығу жасы­ның төмендігі, өсіп келе жатқан бейресми сектор, салықтан жал­тарудың кең етек алуы және өтпелі кезеңнің басындағы эконо­мика­лық құлдырау зейнетақы төлеу мен зейнетақы төлемдерін жинау бо­йынша берешектің ұлғаюына алып келді. Мемлекеттің зейнет­ақылар мен жәрдемақылар бойынша берешегі 1998 жылға қарай 36 млрд теңгеге жеткен еді. Бұл қолданыстағы зейнетақы жүйесін тұрақсыз етті. Сондықтан 1998 жылы зейнетақы жүйесін реформалау басталды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып жеке жинақтар қағидат­тарына негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Қабылданған шаралар зейнет­ақы төлемдерін едәуір арттыруға мүмкіндік берді: 1999-2021 жылдар кезеңінде олардың орташа мөл­шері 24 есеге жуық өсті және қазір орташа 100 мың теңгені құрайды, ал зейнетақының ең жоғары мөл­шері 134,9 мың теңгеден асты. Азаматтарды зейнетақымен қам­сыздандыру жүйесінде болған ауқымды өзгерістердің арқасында ынтымақты және базалық зей­нетақы төлеу шығысы 1999 жылы небәрі 99,1 млрд теңгені құраса, биыл бұл мақсатқа қаралған қаржы 2 трлн 742,2 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 1995 жылғы 300 теңгеден 2021 жылы 61 796 теңгеге дейін өсті (базалық зейнетақы төлемін ес­кере отырып) және биылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1,8 есе асып түсті. Былтыр 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға арналған жаңа жәр­демақы енгізілді, оның мөлшері отбасының табысына байланысты емес, балалар санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 186 688 теңгеге (16 бала) дейін сараланған. 2020 жылы жәрдемақымен 236,2 млрд теңге сомасына 392,4 мың отбасы қамтылды. Қазір ана мен баланы қолдау бюджеттен берілетін жәрдема­қы­лардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдердің 2 түрі есебінен қамтамасыз етілуде. Биыл бұл мақсатқа 756 млрд теңге қарастырылған, бұл былтырғы осы көрсеткішпен салыстырғанда 19%-ға артық. Еңбек нарығын дамыту және халықтың өмір сүру деңгейін арт­тыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Тұңғыш Пре­зиденттің Үкімет алдына қой­ған міндеттерін орындау үшін 2016 жылы Нәтижелі жұмыспен қам­туды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы қабылданды, оған 2018 жылғы қа­рашада мемлекеттік бағдарлама мәртебесі берілді. Ол еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен білікті­ліктерді алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті да­мытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді мо­делін құруға бағдарланған бола­тын. Мұны жүзеге асыру бары­сында оған 2,8 миллионнан астам адам қатысты. Қабылданған шараның нәти­жесінде жұмыспен қамтылған ха­лық саны 1991 жылғы 7,4 млн адам­нан 2021 жылдың бірінші тоқсанында 8,8 млн адамға дейін өсті. Жұмыссыздық көлемі 1999 жылғы 13,5%-дан биыл бірінші тоқсанында 4,9%-ға дейін қыс­қарды. Төменгі күнкөріс көлемінің көрсеткіші 1997 жылғы 3 505 тең­геден биыл 34 302 теңгеге жетіп, 10 есе ұлғайды. Кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6%-дан былтыр 5,3%-ға қысқарды. – Пандемия өршіген кезде азаматтарды қолдау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз тарапынан не істеді? – 2020 жыл – Қазақстан эко­номикасы үшін соңғы 20 жылдан астам уақыт ішіндегі ең қиын жыл. COVID-19 пандемиясының сал­дары 1998, 2008 және 2015 жыл­дардағы дағдарыстарға қарағанда, экономикаға қатты әсер етті. Есігімізді қақпай енген індет туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Бұл – өтпелі қиындық, уақытша сы­нақ. Біз осы індеттен және эконо­микалық дағдарыстан кейін қалай дамимыз, не істеуіміз керек деген мәселеге баса мән бергеніміз жөн» деген сөздері аяқастынан басталған ауыртпалықтан абыржып қалған халыққа қанат бітірді. Пандемиядан туындаған қи­ын­дықтарға және өткен жылы қа­былданған қажетті шектеу ша­раларына қарамастан, еңбек нары­ғының негізгі индикаторлары тұ­рақтылықтан ауытқымады. Бұған Үкіметтің халықты жұмыспен қам­туға бағытталған жедел шара­лар кешені ықпал етті. Осындай шаралардың бірі «Жұ­мыспен қамтудың Жол кар­тасы» дағдарысқа қарсы бағдар­ламасы болды, оның шеңберінде 239 мың адам жұмысқа орналас­тырылды. Бағдарлама арқасында 6,7 мың әлеуметтік маңызды жоба іске асты. Былтыр мемлекеттік бағдар­ла­маларды, оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен ЖҚЖК іске асыру аясында 1,4 миллионнан астам жұмыспен қамтудың түрлі шарасы қамтылды. Бұл жұмыссыздықты 5% деңге­йінде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Салыстыру үшін келтіре кете­йін, адамзатқа аранын жайған тәжтажал тұсында аузын айға бі­леген елдердің өзінде жұмыс­сыз­дық деңгейі күрт өсті: АҚШ-та – 8,1%-ға дейін (+4,4%), Канадада – 9,6%-ға дейін (+3,9%), Испа­нияда – 15,5%-ға дейін (+1,4%)). Биыл жұмыспен қамтуға жәр­демдесу шараларымен 1,2 млн адам қамтылатын болады. Қазір «Еңбек» мемлекеттік бағдарла­масын іске асыру жалғасуда, оның шеңберінде шамамен 700 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Басқа мемлекеттік бағдарламалар аясында 440 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жұ­мыспен қамтудың Жол картасы жо­баларын іске асыру кезінде 41 мың жұмыс орны құрылады, оның 28,3 мыңы тұрақты болады. Сондықтан 2021 жылдың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендейді деп күтілуде. Сондай-ақ төтенше жағдай тәртібі мен карантин енгізілген кезде халықты қолдаудың қосым­ша шаралары қолға алынды.

Зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 1995 жылғы 300 тең­геден 2021 жылы 61 796 теңгеге дейін өсті (базалық зейнетақы тө­лемін ес­кере отырып) және биылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1,8 есе асып түсті.

Алғаш рет Мемлекеттік әлеу­мет­тік сақтандыру қорынан әлеу­меттік төлемдер енгізілді: – біріншіден, қызметін шек­теуге байланысты табысынан айы­рылған азаматтар үшін – ең тө­менгі жалақы мөлшерінде төлем. ТЖ және карантин кезеңінде оны 476 млрд теңге сомасына 4,6 млн адам алды; – екіншіден, жұмыста COVID-19 жұқтырған дәрігерлер үшін және медицина қызметкері қайтыс болған жағдайда олардың отба­сылары үшін 9,5 мың адам 20,5 млрд теңге сомасына төлем алды. Бұдан басқа, ай сайын әлеумет­тік осал санаттардағы 1 млн-нан астам азамат жалпы сомасы 25 млрд теңгеге азық-түлік жиынтығы түрінде қолдау алды. Індетті жұқтыру қаупін азайту үшін: 600 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек таға­йындау; 55,5 мың мүгедектігі бар адамға мүгедектікті белгілеу және жәрдемақы төлеу мерзімдері авто­матты түрде ұзартылды. – Кез келген мемлекеттің әлеу­меттік сипаты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген көзқарасымен өлшенеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде азаматтардың осы санатының өмір сүру деңгейі қаншалықты жақсарды? – Бүгінде елімізде 695,1 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 419,9 мың адам еңбекке қабілетті жаста болса, 180,6 мың адам зейнеткерлік жаста және 94,6 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. Ерекше қажеттілігі бар адам­дар­ды қолдау әрқашан Үкімет қызметінің және біздің министр­ліктің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл мәселені тиімді шешу үшін 2005 жылы Мү­ге­дектерді әлеуметтік қорғау са­ла­сындағы үйлестіру кеңесі құрылды. 2015 жылы Мүгедектердің құқық­тары туралы конвенцияны рати­фикациялау, тіршілік әрекеті шектелген адамдарға қатысты мемлекеттік саясаттағы бірқатар тұжырымдамалық өзгеріс жүзеге асырылды. Мысалы, мүмкіндіктері шек­теу­лі адамдардың үкіметтік емес ұйым­дарының қатысуымен әзір­ленген Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлт­тық шаралар жоспары 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылды. Қазір Мүгедектігі бар адамдардың құқы­ғын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар қол­данысқа енген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 343 мыңнан астам адам немесе мұқтаж жандардың 81%-ы «Оңалтудың жеке бағдарламасына» сәйкес, оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен мемлекеттік бюджет қаражаты есе­бінен қамтамасыз етілді. Бүгінде бұл шарамен 525 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылған. Қажеттіліктер ескеріле отырып, оңал­тудың техникалық құралда­рының тізбесі 32-ден 60-қа дейін кеңейтілді. Әлеуметтік және көлік инфра­құрылымы нысандарын паспорт­тау және бейімдеу арқылы кедер­гісіз орта қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2021 жылғы 1 маусымдағы қорытынды бойынша оларға паспортталған әлеуметтік инфрақұрылым ны­сандарының 99,8%-ы қолжетімді болды. «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» порталында бұл санаттағылар жүйеге кіріп, қандай да бір нысанның қолжетімділік деңгейін анықтауға мүмкіндік бе­ретін «Қолжетімділіктің интерак­тивті картасы» енгізілді. Қолже­тімділік картасына әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым­ның 35,4 мың нысаны жөнінде мәлімет енгізілген. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалауға мүмкіндік беретін «Е-Собес» жаңа автомат­танды­рыл­ған ақпараттық жүйесі қосылды. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сала­сындағы заң талаптарының сақ­талуына мемлекеттік бақылау жү­зеге асырылуда. Бұл бағытта 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 222 тексеру жүргізіп, 190 нұсқама берді, 4,3 млн теңге сомасына 28 айыппұл салынды. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметке сәтті ықпал­дастыру үшін жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оқыту мен қайта мамандануға көмектесуді қамтитын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады. Қолда­ныс­тағы заңнамада зиянды және ауыр еңбек жағдайын қоспағанда, жұ­мыс орындары санының 2-4%-ы мөлшерінде мүгедектігі бар адам­дар үшін жұмыс орындары квота­сын бөлу көзделген. Былтыр мү­гедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде, оның ішінде Электрондық еңбек биржасында жұмыс іздеуді жақсарту үшін қол­дануға арналған Кәсіптер атласы әзірленді. Мүгедектігі бар бала­ларды оңалту қызметтерімен ­қам­тамасыз ету үшін биыл жос­пардағы 12 орталықтың 6-ы ашы­лып үлгерді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың рәсімі мен мерзімін оңтайландыру мақсатында біз мүгедектікті сырттай белгілеуді енгізу бойынша жұмыс істеп жа­тырмыз. 1 шілдеден бастап жоба 6 өңірде – Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында бастау алады. Сол арқылы келешекте мү­гедектігі бар адамдарды мекемелер табалдырығын тоздырып, қызмет көрсетушіге тәуелді қылмайды. – Қазір қандай мақсатты алға қойып отырсыздар және болашақта қазақстандықтарды қандай өзгеріс күтуде? – Ауқымды міндет туралы ай­тар болсақ, олардың ең бастысы – Әлеуметтік кодексті әзірлеу. Пре­зиденттің тапсырмасы бойын­ша, біз өткен жылы кірістік. 100-ден астам сарапшының, соның ішінде Парламент Сенаты мен Мә­жілісі депутаттарының қаты­суы­мен жұмыс тобы құрылып, 30-дан астам заңнамалық және 150 заңға тәуелді акт зерделенді және халық пен қоғамдық бірлестіктен түскен 500-ге жуық ұсыныс қарал­ды. Нәтижесінде, Кодекс тұжы­рымдамасы әзірленді. Жаңа кодекстің негізгі мақса­ты – бұқараның оларды түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қол­даныстағы заңнаманың барлық қа­ғидатын бір құжатқа шоғыр­лан­дыру. Осылайша, Әлеуметтік кодексті қабылдау: азаматтарға олардың әлеуметтік құқығы мен міндеті туралы бірыңғай білім көзін құруға; халықтың әлеуметтік әл-ауқатының автомат­танды­рылған мониторингін жүргізуге; әлеуметтік құқық пен кепілдікті қамтамасыз ету бойынша алдын алу шарасын қабылдауға; мем­лекеттік қызметтерді электрондық және проактивті сипатта көрсетуге; азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы мен өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. 2021 жылдың басында мемле­кеттік көрсетілетін қызметтің 91%-ы цифрландырылды, олардың жартысынан астамы белсенді түрде көрсетіледі. Биыл көрсеті­летін қызмет санын 93%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Іске асырылып жатқан цифр­лық жобалардың бірі – мүгедектігі бар адамдарға оңалту қызметтері мен құралдарын тікелей өнім берушіден сатып алуға мүмкіндік беретін «Әлеуметтік қызметтер порталы», бұл ең алдымен қызмет сапасының өсуіне ықпал етеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетеді. Өткен жылы мүгедектігі бар адам­дар портал арқылы оңалту құ­ралдары, жеке көмекшінің қыз­меттері, ымдау тілі маманының қыз­меттері, санаторлық емдеу ша­ралары бар, барлығы 128 мың қыз­метке тапсырыс берді және алды. Сондай-ақ біз «Отбасының цифрлық картасын» – өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасы­ларды автоматты түрде анықтауға, қажетті кешенді қолдау шараларын белсенді көрсетуге, сондай-ақ қол­жетімді индикаторлар арқылы от­басының әлеуметтік жағда­йы­ның нашарлауын болжауға мүм­кіндік беретін жобаны жасау бойынша жұмысты бастадық. Қазір цифрлық жұмыспен қам­ту орталықтарын кезең-кезеңімен енгізу жүріп жатыр. Бірінші ке­зеңде, 2020 жылы ірі қалалардағы 17 пилоттық жұмыспен қамту ор­талығының базасында Элек­трон­дық еңбек биржасы арқылы төрт қызметті ұсыну бойынша жоба іске қосылды: жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеу, жұмыссызды тіркеу, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау, сон­дай-ақ жұмыспен қамтуға жәр­дем­десудің белсенді шара­ларын таң­дау, оның ішінде жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар және әлеу­меттік жұмыс орындары бар. Екінші кезеңде Электрондық еңбек биржасы арқылы барлық қазақстандық үшін халықты жұ­мыс­пен қамту орталықтарының осы онлайн-қызметтерін қол­же­тімді ете отырып, 1 мамырдан бас­тап іске асыра бастадық. Биыл жұмыспен қамту қыз­ме­тіне жүгінудің кем дегенде жарты­сы онлайн режимде болады деп болжап отырмыз. Сондай-ақ Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – e-HR жобасын дамыту белсенді жүріп жатыр. Бүгінде жүйеде 4,8 млн келісімшарт тіркеліп, 171 мың ұйым қосылған, бұл барлық жұмыс істейтін азаматтың шамамен 79%-ын құрайды. Биыл еңбек шартының кемінде 85%-ын e-HR жүйесімен қамту жоспарланып отыр, ал 2022 жылы барлық жұмыс істейтін халықты то­лық қамтуға қол жеткізу көз­делген. Осы жылғы 1 маусымнан бас­тап «Бала тууға байланысты және бір жасқа дейінгі бала күтімі бо­йынша жәрдемақы тағайындау» қыз­меті жеңілдетілген түрде көр­сетілуде. Нәтижесінде, проактивті түрде сәтті көрсетілген қызмет саны 10%-дан 37%-ға дейін артты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 50%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Халық даналығында: «Теңіздің ащы-тұщысын білу үшін оны сарқып ішуге ұмтылудың қажет жоқ, дәмін татсаң жеткілікті» деген сөз бар. Соған жүгінсек, көзі­қа­рақты оқырман еліміз көлемінде біздің сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың құлаш жет­пес көлемі мен көз ілеспес қар­қынын аңғарып отырған шығар. «Тоқсан ауыз сөздің тобық­тай түйіні», әлеуметтік бағдарды те­мірқазығындай ұстанған тә­уелсіз Қа­зақстанда азаматтарды әлеу­меттік қолдау мәселесі әр­қа­шан ең алғашқы кезекте болға­нын және бола беретінін мақта­нышпен атап өткім келеді. Ал біздің министрлік қазақстан­дық­тарды әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөніндегі жүйелі жұ­мысты одан әрі жал­ғастыра бе­ретін болады. Ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігіміз баянды болсын! – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Дәулет АСАУ