Банк қосымшасы арқылы өзгенің атына 1 миллион теңге кредит рәсімдеген алаяқ ұсталды
Банк қосымшасы арқылы өзгенің атына 1 миллион теңге кредит рәсімдеген алаяқ ұсталды
Фото: tehno.today.ua
125
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 24 шілдеде Атырау қаласында тұратын 40 жастағы азаматтан шағым түскен.

«Шағымданушының айтуынша, оның ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы белгісіз біреу 1 млн теңге несие рәсімдеген. Жәбірленушінің атына интернет арқылы несие рәсімдеген алаяқ Павлодар облысының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды», – деді полицей.

Қазір оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену ) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.