Вокзалда ток соққан қыздың халі мүшкіл
Вокзалда ток соққан қыздың халі мүшкіл
Фото: ainews.kz
149
оқылды

Ол осыған дейін Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында емделген еді. Жасөспірімді балалар ауруханасына ауыстырды. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Шымкент қалалық Т.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова: «Ең бастысы, науқастың жағдайы бірқалыпты, өзгеріс жоқ. Жағдайы жақсы деп те айта алмаймыз.Тіпті болжам жасау да қиын», – деді.

Бұған дейін вокзал маңында 15 жастағы қыз токқа түсіп, денесінің 91 пайызы күйіп қалғанын жазған болатынбыз.