Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес Қаулы етемін:- Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
- Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Президент Жарлығында.
Бұған дейін Қосшы елді мекеніне қала мәртебесін беру мәселесі талқыланған еді.