Карантинде 100 шақты адамды жинап, қораз төбелестіргендер терезеден секіріп қашты – видео
Карантинде 100 шақты адамды жинап, қораз төбелестіргендер терезеден секіріп қашты – видео
Фото: russkie-perepela.ru
465
оқылды

Шымкентте 100 шақты адам жиналып, қораз төбелестірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейд барысында Қаратау ауданына қарасты Сайрам елді мекені Жаңақұрылыс көшесінде жергілікті тұрғын 100 шақты адамды жинап, қораз төбелестіргені анықталды.   https://youtu.be/OqMKm0tw4i8 Оқиғаға қатысты жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Қаратау ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Карантин режимін бұзған азаматтарды ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жауапқа тартады.