Jas Otan: балаларға тегін ағылшын тілін оқытады
Jas Otan: балаларға тегін ағылшын тілін оқытады

English for Jastar жобасы алғаш рет 2018 жылы Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы аясында іске асырылатын үштілділікті енгізу жөніндегі ауқымды бағдарламаны қолдау үшін іске қосылды.

Бұл жоба оқушыларға ағылшын тілінің деңгейін көтеруге және олардың қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға бағытталған. Nur-Sultan baspasy ұсынған ұзақтығы 6 ай факультативтік курстардың бірінші кезеңінде көпбалалы отбасылардан шыққан 11 бала оқып жатыр. Жобаның басты мақсаты – жас буынға қолжетімді сапалы біліммен қамтамасыз етуге үлес қосу. Оқушыларға ағылшын тілін меңгеруге көмектесу. Оқуды бастау үшін оқушылар бірнеше кезеңнен өтті:
  1. Балалар ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау тестін тапсырды.
  2. Ағылшын тілі деңгейіне және жасына сәйкес балаларды топтарға бөлу.
  3. Бос уақытын ескере отырып, сабақ кестесін құру.
  4. Оқушыларға ағылшын тілінен тегін оқулықтар берілді.
«Біз мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған оқу әдебиеттерін әзірлеумен және бейімдеумен айналысамыз. Мектептерге 2021-2022 оқу жылына тегін қол жеткізуге сілтемелер ұсынамыз. Мектептерде электронды платформаларды пайдалану үшін кері байланыс алуға қуаныштымыз. Бұл жоба аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың оқушылары, сондай-ақ толық емес отбасылардың балалары мен мүгедек балалар үшін оффлайн режимінде ағылшын тілін тегін оқытуға 11 орын ұсындық» – деді Nur-Sultan baspasy-ның бас маманы Аида Уразаева.

Ағылшын тілін оқыту халықаралық стандарттар бойынша өтеді. Курсты тәмамдаған оқушыларға сертификат беріледі.