Астанада аспалы көпірдің төбесіне шығып, видео түсірмек болғандар ұсталды
Астанада аспалы көпірдің төбесіне шығып, видео түсірмек болғандар ұсталды
Фото: ПД-нен алынды
156
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Оқиға куәгері 26 шілдеде таңертеңгі сағат 4.30-да полицияға хабар берген. Оның айтуынша, белгісіз біреулер Қабанбай батыр даңғылындағы көпірдің аркасына шыққан. Оқиға орнына полицейлер барды.

«Полицейлер 19 және 21 жастағы үш тұрғынды ұстады. Олар Нұр-Сұлтан қаласын биіктен видеоға түсіріп, TikTok-та жарияламақ болған», – деді полицей.

Бұған дейін TikTok үшін төбелескендер туралы жазған болатынбыз.