Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Оқиға куәгері 26 шілдеде таңертеңгі сағат 4.30-да полицияға хабар берген. Оның айтуынша, белгісіз біреулер Қабанбай батыр даңғылындағы көпірдің аркасына шыққан. Оқиға орнына полицейлер барды.«Полицейлер 19 және 21 жастағы үш тұрғынды ұстады. Олар Нұр-Сұлтан қаласын биіктен видеоға түсіріп, TikTok-та жарияламақ болған», – деді полицей.
Бұған дейін TikTok үшін төбелескендер туралы жазған болатынбыз.