Сарыағашта жылқы ұрлаған 2 адам қылмыс үстінде ұсталды
Сарыағашта жылқы ұрлаған 2 адам қылмыс үстінде ұсталды
Фото: old.aqmeshit-aptalygy.kz
177
оқылды
Сарыағашта жылқы ұрлаған екі адам үш жылға сотталды.  Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар арызданып, өздерінің ұшты-күйлі жоғалған малын өзге біреулер ГАЗель автокөлігіне тиеп жатқанын айтып, қылмыскерлерді құрықтауға көмек берулерін сұрайды. Ақпарат түскенде полицейлер оқиға орнына бірден жеткен, – деп жазады Polisia.kz. Жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде, күдікті екеудің жеке-басы анықталып, ұсталды. Олардың екеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты. Белгілі болғандай, күдіктінің бірі Сарыағаш ауданына қарасты ауылда орналасқан зауыттағы жұмыс орнының жанында қараусыз жүрген жылқыларды көріп, арам ой пайда болған. Содан үш бас жылқыны айдап әкетіп, қараусыз қораның біріне қамап қойып, сыбайласына хабарласқан. Содан екінші күдікті екеуі сөз байласып, ұрланған жылқыларды сатып алушы адам тапқан. Бөтеннің жылқыларын 650 000 теңгеге сатып, оны тиеп жатқанда жылқыларын іздеп шыққан жәбірленушілерге ұсталып қалған. Ал жәбірленушінің бірі өзінің 400 000 теңгелік жылқысын, екіншісі 650 000 теңгелік екі бас жылқысын таппай қалып, өздігінен іздеп жүріп, қылмыстың үстінен түскендерін жеткізген. Бұл деректерді полицейлер СДТТБТ-да ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеді.
Сарыағаш АПБ-да болған мал ұрлығы қылмысын соңына жеткізу бағытында қарқынды қызмет атқарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен Сарыағаш аудандық сотына жіберілді. Соттың үкімі жәбірленуші тараптың күдіктілерге кешірім беріп, олардың өз кінәсін толығымен мойындауын ескере отырып, күдікті екеудің, яғни 32 және 37 жастағы ер адамдарды ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен кінәлі деп танып, екеуіне де үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.