Жағымсыз иіске тұншыққан Бәйдібек би ауылы тұрғындарының жанайқайын кім естиді?
Жағымсыз иіске тұншыққан Бәйдібек би ауылы тұрғындарының жанайқайын кім естиді?
Фото: inbusiness.kz

Байболов көшесі №122 үй  тұрғындары сасық иіске тұншығып отырғанын айтады.

Тұрғындар мәселені  жауапты мекемелерге жеткізгенімен, оған құлақ асатын ешкім болмай тұр.
«Жағымсыз иіс алыстан білініп тұрғандықтан осы үйдің тұрғындары өзіміз қаражат шығарып тазалатқан едік. Ауылдық билікке шағымымызды айтсақ, күле қарайды», – дейді олар.
Тұрғындар кешкі салқында балаларын далаға шығармайтын болған. Өйткені тереңдігі  1-1,5 метрден асатын құдықтан аққан лас су жан-жаққа жайылып жатыр.
– Қазір күн ыстық. Үйде онсыз да ауа жоқ. Ал түнде иіс кіреді деп есік-терезені тұмшалап аламыз. Мына су қысы-жазы осылай сасып жатады. Бір айдан бері лас су жолға ағып жатыр. Бұл жермен көліктер мен жаяу адамдар көп өтеді. Біз  жауапты мекемелерге арыз жаздып, шағымдандық. Әзірге нәтиже жоқ. Бұл құдықтың кімге тиесілі екенін де білмейміз, – дейді тұрғындар.
https://www.youtube.com/watch?v=2CVgX3S_Tjo&ab_channel=AikynGazeti