Қазақстандық боксшы Василий Левит қарсыласына есе жіберді
Қазақстандық боксшы Василий Левит қарсыласына есе жіберді
210
оқылды
Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Токио Олимпиадасын аяқтады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токиода бірінші айналымнан аса алған жоқ, — деп жазады Olympic.kz.  91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын. Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға өтті.