Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин Токиодағы жорығын аяқтады. Ол екінші айналымда жеңіліске ұшырады — деп хабарлайды Olympic.kz. Ол АТР рейтингінде 66-орында тұрған Беларусь спортшысы Илья Ивашкомен кездескен болатын. Екеуара матч 2 сағат 25 минутқа созылып, Кукушкин 1:2 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Илья Ивашко қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Осылайша, теннистен Қазақстан командасының тағы бір спортшысы Токио ойындарын мерзімінен бұрын аяқтады.